Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Премьер-Министрі «Orano» француз атом компаниясының басшысымен кездесті

2021 жылдың 13 мамыр 2021 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Orano» директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


К. Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі «КАТКО» Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А. Мамин «КАТКО»-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.


Жоғары қарай