Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Премьер-Министрі Көлік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

2020 жылдың 10 маусым 2020 19:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыста жолаушылар вагондарын шығару, теміржол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тариф саясатын оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы Қазақстанның теміржол транзиті дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.

«Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, ЕАЭО-да көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және өзге де шаралар кешенін қарастырды.


Жоғары қарай