Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР ОСК ауыл әкіміне кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады

2021 жылдың 24 маусым 2021 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев ауыл әкіміне кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл окургі әкімі болып сайлану үшін ҚР азаматы «Сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс. Бірінші, 25 жасқа толғандығы. Екінші, заңда белгіленген тәртіппен танылған іс-әрекетке қабілеттілігі, соттылығының болмауы және сыбайлас жемқорлық қылмыс,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының болмауы. Үшінші, ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тиісті аудандық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті орган анықтайды»,- деді комиссия мүшесі ОСК отырысы барысында.

Сонымен қатар ол ауыл әкіміне кандидаттың сәйкестігін анықтау қалай жүргізілетіндігін де егжей-тегжейлі айтып берді.

«Аумақтық сайлау комиссиясы кандидат ұсынылғаннан кейін кандидаттың заңдарда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау процесіне дереу кіріседі. Ол үшін азаматтығын анықтау мақсатында Ішкі істер органдарына, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығын, заңда белгіленген тәртіппен танылған сыбайлас жемқорлық қылмысының,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының болмауын прокуратура органдарынан, кандидаттардың мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес және осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу тұрғысынан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аудандық департаменттерге тиісті сұраулар жіберіледі. Жұмысқа тартылған жоғарыда аталған мемлекеттік органдар жедел тәртіппен деректердің тиісті деңгейде тексерілуін және нәтижелерін аумақтық комиссияларға дереу ұсынылуын қамтамасыз ету қажет», - деді Ерлан Дауылбаев.


Жоғары қарай