Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ерлан Сламханұлы Дауылбаев ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды.

«Ерлан Сламханұлы көп жылдар бойы әділет саласында жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы жүйесінде де қызме етті. Соңғы уақытта Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Өз кезегінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров қызметтерін атқарған кезде Е. Дауылбаев өзінің жоғары біліктілігі бар заңгер ретінде көрсете алғанын атап өтті.


Фото: www.adilet.gov.kz
Жоғары қарай