Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Кәсіподақтар федерациясы еңбек сотын құруды ұсынды

2021 жылдың 27 сәуір 2021 18:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот жүйесінде еңбек сотын құру ұсынылады. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіподақтар федерациясы жұмыскерлердің құқығын қорғайтын бірден бір ұйым. Қазір біздің қатарымызда екі миллионға жуық адам бар. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды, яғни ең негізгі бағыттарымыздың бірі. Азаматтардың құқығын қорғауға тоқталсақ, біздерге келіп жатқан хаттамалар мен өтініштер қамтылып отыр. 2020 жылдың аясында 14 мыңнан астам осындай өтініш келіп түсті. Бұл тұрғыда негізгі мәселелер еңбек құқығын қорғау, яғни жалақының уақытылы төленбеуі, жұмыстан заңсыз босату проблемаларын қарастырдық», - деді С. Дәулеталин ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысының алдында тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аталған 14 мыңнан астам өтініш бойынша 85 пайызы оң шешімін тапты.

«Сонымен қатар бізде татуласу орталығы бар. Сотқа жеткізбей медиация арқылы осы мәселелер шешіліп келеді. 2018 жылы медация орталықтарын бүкіл өңірде құрған едік», - деді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Бұдан бөлек ол бүгінгі отырыстағы ұсыныстарға тоқталды.

«Біріншіден, еңбек құқықтарына байланысты жүйеде еңбек сотын құру ұсынылмақ. Шетелде бұл қолданыс тапқан тәжірибе. Еңбек дауларына тоқталсақ, олардың барлығына еңбек құқығына байланысты. Сондықтан жекелеген түрде еңбек сотын құрып, сол мәселелерді жүйелі түрде қарастыруды ұсынамыз», - деді Сатыбалды Дәулеталин.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Адам құқығы, Сот,
Жоғары қарай