Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

ҚР ІІМ комитеті төрағасының орынбасары қызметінен қуылды

2019 жылдың 14 наурыз 2019 16:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов қызметінен қуылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 6 наурызда Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы облыстық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовты ұстаған.

«Аталған факті бойынша министрлікте қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі ІІМ тәртіптік комиссиясының отырысында қаралды. Төремұратов қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны, құқық қорғау органдарына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар оның тікелей бастығы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Н.Ораз.

Жоғары қарай