Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

ҚР ДСМ клиникалық белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары туралы статистиканы жариялап отырмақ

2020 жылдың 6 маусым 2020 14:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар бойынша статистиканы жариялай бастайды. Бұл туралы министрлік Telegram парақшасында жариялады.

«Бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бойынша статистика жүргізіп келді. Аталған статистикада COVID-19 вирусын жұқтырған — ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ адамдар есепке алынды. Бүгіннен бастап барлық ресми дерек көздерінде коронавирус инфекциясы бойынша ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар бойынша статистика жеке-жеке жарияланады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар онда мұндай тәсілдің халықаралық тәжірибеде және көп елдерде қолданылып келетіні айтылған. Бұлай бөлудің мақсаты — симптоматикалық емдеуді қажет ететін науқастардың саны бойынша жағдайды көрсету.

«COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға елеулі эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60%-ға жуығы — бұл инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екенін атап өткен жөн. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушыларды бақылау жалғаса бермек»,-деп жазды минстрлік.


Жоғары қарай