Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Бас санитарлық дәрігері демалыс күндергі шектеулерді түсіндірді

2020 жылдың 14 тамыз 2020 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыс күндері карантин неліктен сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

«Не себепті демалыс күндері локдаунды сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Инфекцияның таралуында басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері адамдардың өзара қарым-қатынасы көбейеді, тұрғындардың сапарға шығуы артады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап, коронавируспен сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендегенін айтты.


Жоғары қарай