Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Бас прокуроры ШЫҰ отырысында заңсыз шығарылған активтер мәселесін көтерді

2020 жылдың 20 қазан 2020 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ БП) мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 18-ші отырысына Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Сондай-ақ шараға Үндістан, Иран, Пәкістан, Қытай, Камбоджа, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения Бас прокурорлары мен уәкілетті тұлғалары, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының және ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылымның Хатшылығы мен Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің прокуратуралары қызметінің тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің заманауи практикасымен және тиімді әдістерімен алмасу өтті.

Қазақстанның Бас прокуроры ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заманауи ақпараттық өзара іс-қимылының, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару механизмін енгізу қажеттілігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.


Жоғары қарай