Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚПЛ: «Астана» мен «Шахтер» тең түсті

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турда бүгін екі ойын өткізілді. «Астана» мен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Қайсар» командалары кездесті.

Алғашқы ойын Астана» мен «Шахтер» командалары арасында өтті. Екеуі тең дәрежеде ойын көрсетті. Алдымен «Астана» сапынан Пиерос Сотириу 62-минутта есеп ашса, 71-минутта қарағандылық футболшы Айдос Тәттібаев таразы басын теңестірді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші кездесу «Ордабасы» мен «Қайсар» арасында болды. Кездесу барысында 25-минутта шымкенттік клуб сапынан Жоао Пауло гол соқса, екінші кезеңде «Қайсар» сапынан Артур Режиналдо таразы басын теңестірді. Ойын 1:1 еесбімен тең аяқталды.

Бұл турда «Оқжетпес» пен «Каспий» 2:2 есебімен тең түссе, «Жетісу» «Таразды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Аталған турдағы «Қызылжар» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 21 қыркүйекте болады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай