Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көтерме-тарату орталықтары қалай құрылып жатыр –  Бақыт Сұлтанов

2021 жылдың 13 шілде 2021 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов көтерме-тарату орталықтарын құру процесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көтерме-тарату орталықтары мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында құрылуы тиіс. Сондықтан біз жеке инвесторлардың консорциумдарымен жұмыс істедік. Өткен жылы процедураны бастадық, тиісті сараптаманы жүргіздік, МЖӘ-нің басқа келісімшарттары бойынша үш-төрт жыл бойы жүргізілген жұмыстан біз бір жылда өте алдық деп айта аламын. Өткен аптада МЖӘ шартына қол қойылып, толыққанды жұмыс басталды. Әрине, бұл уақытты ауыстыруға тура келді. Тиісті қоймалардың болмауы да ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарына, өнімнің ел ішінде бөлінуіне тікелей әсер етеді, сайып келгенде сөрелердегі қымбат бағаға әкеп соғады», - деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көтерме-тарату орталықтарын құру – бір күнде бітетін шаруа емес.

«Мұнда тиісті жұмыс кестесі бар. Бірінші кезең бойынша 7 көтерме-тарату орталығы бойынша келісімшарттар жасалды, жұмыс басталды. Біз инвесторлармен 2022 жылғы егінге үлгеруге тырысамыз. Біз барлық қажеттілікті жаппаймыз. 24 көтерме-тарату орталығының 15-і – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарында ашылатын агрологиялық орталықтар, олар да барлық қажеттілікті өтей алмайды. Біз зәкір жүйесін жасаймыз. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырғанындай, бизнес осындай көкөніс қоймаларын құру бойынша белсенді жұмыс істеуі үшін жұмыс жүргізіледі. Олардың барлығы зәкірлі жоба айналасында бірыңғай жүйеге құрылады», - деп түсіндірді министр.


Жоғары қарай