Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қостанайлық полицейлер өзіне қол салмақ болған адамды құтқарып қалды

2019 жылдың 25 қазан 2019 18:38

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Полицейлер өзіне-өзі қол салмақ болған адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 қазан күні сағат 21.00-де Рудный қаласының полиция қызметкерлері Қанат Уәлиев пен Жәнібек Ғалымханов ер адамның тұрғын үйдің кіреберісінде өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама алады. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына келген.

«Межелі жерге жеткен соң, біз баспалдақпен көтеріле бастадық. Саты теміріне асылып тұрған ер адамды байқадық. Бірден құтқару шараларын ұйымдастырдық», - дейді патрульдік полиция ротасының полицейі Қанат Уәлиев.

Полиция қызметкерлері зардап шеккен адамды арқаннан босатып, құтқарып қалған, бірақ ер адам ессіз күйде еді. Тәртіп сақшылары оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң есін жиған.

Кейін 30 жастағы ер адам тұрмыстық жанжал кесірінен осындай қадамға барғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлерінің арқасында ер адам жазатайым оқиғадан құтқарылып, адам өмірін сақтап қалды.

Жоғары қарай