Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қостанайлық полицей пойыздың астына түспек болған әйелді құтқарды

2019 жылдың 30 қазан 2019 15:57

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы полиция басқармасының «Солтүстік» полиция бөлімшесінің қызметкері Леонид Бот кезекшілік барысында пойыз астына түсіп, өз өмірін қимақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, оқиға таңғы сағат 04:00 шамасында Узкоколейный көшесінде болған. Тәртіп сақшысы темір жолының бойында бір әйелдің жатқанын, оның қасында бір әйелдің тұрғанын байқап қалады. Рельсте жатқан әйел өмір сүргісі келмейтінін айтып, қарсылық білдірген.

«Осы уақытта жақындап келе жатқан пойыздың дыбысы естілді. Полиция қызметкері жағдайды бағамдап, дереу көлігінен түсіп, көмекке ұмтылған.

Әйелді қолынан ұстап, орнынан көтеріп, рельс арасынан алып шығады. Майор Л.Бот облыс орталығының тұрғынын қауіпсіз жерге апарып, екі әйелді тыныштандыруға тырысқан.

Бұл ретте суицид жасамақ болған әйелдің құрбысы полиция қызметкеріне алғысын айтып, дер шағында тап болғанын атап өтті. Себебі егер тәртіп сақшысы болмаса, бұл жағдайдың қайғылы аяқталуы мүмкін еді», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшысының сөзінше, мұндай жағдайға бірінші рет кезігіп отыр.

«Ең бастысы, не істеу керек екенін тез арада шештім. Әрине, біздің қызметте ерекше назар аударылатын физикалық қабілет көмектесті», - дейді Леонид Бот.




Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда Рудный қаласы ПБ қызметкерлері аға сержант Қанат Уәлиев пен полиция лейтенанты Жәнібек Ғалымханов қаланың тұрғын үйлерінің кіреберісіндегі өзіне-өзі қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарған болатын.

Жоғары қарай