Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қостанайлық құтқарушылар боранда жоғалған ағайындыларды тапты

2021 жылдың 22 қараша 2021 17:31

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Б. Майлин ауданында құтқарушылар боранда жоғалып кеткен ағайындыларды тауып, үйлеріне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қарашада Б. Майлин ауданы Павлов ауылдық округінде 1973 және 1980 жылғы екі ер адам жоғалып кетті. Туыстарының айтуынша, ағайындылар таңертең жоғалған малын іздеуге шыққан.

«Сағат 23:29-да жедел құтқару жасағы Қостанай қаласынан Павлов ауылына дейін 180 шақырым жол жүріп, із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге кіріскен. Құтқарушылардың айтуынша, ер адам кенттен 8 шақырым жердегі Викентьевка ауылына қарай бет алған. Құтқарушылар 20 қараша күні 04:55-те екі ер адамды тапты. Олардың қатты тоңғанын көріп, құтқарушылар машинаға отырғызып, жылытқан және тамақ берген», - деді ТЖД-дан.

Табылғандардың бірі үйге қайтатын жолды білген, бірақ боран қатты соғып, олар тоңып қалған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

ТЖД-дан төтенше жағдайға тап болған азаматтардың «101» немесе «112» нөмірлеріне байланысу керегін ескертеді.

Авторы: Жанна Мұсабаева


Жоғары қарай