Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанайлық дәрігерлер инфекцияға қарсы құралдармен толық қамтамасыз етілген

2020 жылдың 14 шілде 2020 13:24

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлықтар коронавирусты анықтау, вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақында Қостанай қалалық ауруханасы жұмыс бағытына уақытша өзгерістер енгізіп, 250 орындық провизорлық стационар қызметін атқара бастады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен провизорлық стационарға басқа емханалардағы дәрігерлер мен медбикелер қосымша жұмысқа алынды. Мұндағы пациенттер медициналық қызметкерлерге кәсіби қызметі мен көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтуда. Соның бірі – облыс тұрғыны Танзила Вихрова. Ол 30 маусым күні провизорлық госпитальға пневмония диагнозымен түскен.

«Өкпемнің 40 пайызға жуығы қабынып кеткен болатын. Қазір қауіпті вирус артта қалды. Мұның бәрі медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасы. Емдеу шаралары өте сауатты жоспарланған. Әсіресе, Игорь Хван бастаған абзал жандарға алғыс айтқым келеді. Эмоцияға беріліп, дәрігерлер тарапына қатты айтып қалсақ, кешірім сұраймын. Бәрін басқа түскенде көресің. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлердің науқастарға деген қамқорлығы шексіз», - деп атап өтті Танзила Вихрова.

Облыста медицина қызметкерлері қажетті жеке қорғаныш құралдарымен, инфекцияны емдеуге арналған дәрілік препараттармен толықтай қамтамасыз етілген.


Жоғары қарай