Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Қостанайлық әйелдер автошеруге шықты

2019 жылдың 5 наурыз 2019 20:40 683

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған автошеруге тек қана нәзік жандылар қатысты. Автошеру «Астықжан» сауда орталығынан басталып, «Қостанай Плаза» ойын-сауық, сауда орталығы мәреге жетті.Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының қызметкері Жұпар Қожахметтің сөзінше, бұл шараның талабы біреу-ақ. Бойжеткендер жол қозғалысы ережелерін сақтап, мәреге бірінші жетуі тиіс.

«Автошеруге 20-дан астам көлік қатыстырылды. Барлығының көліктері техникалық талаптарға сай болды. Олар мәреге дейін жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен бірге жүрді. Әр қатысушы автокөлікті өздерінің қалауы бойынша безендірді. Қатысушылардың бәріне бірдей сыйлықтар берілді. Кейін солардың құрметіне концерттік бағдарлама қойылды», - деді ол агенттік тілшісіне.



null 

Ұйымдастырушылар «Ең креативті безендіру» аталымында жеңіске жеткен Әйгерім Қазанбасованы марапаттады. Оның жасы 21-де, мамандығы - архитектор. Әйгерім бұл шеруге бірінші рет қатысып отыр.



null 

null 

Жастар орталығының мәліметінше, мұндай автошерулер енді дәстүрлі түрде өткізіледі.

 

 

Жоғары қарай