Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайға алғашқы қар түсті

2020 жылдың 22 қазан 2020 09:48

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы, 22 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде ол 15-20 м/с дейін күшейеді.


Ауа температурасы түнде -4...+1, облыстың солтүстігінде -7 градус, күндіз +1...+6 градус, облыстың оңтүстігінде +9 градусқа көтеріледі.


Қостанай қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады. Жел екпіні 18 м/с жетеді.





Жоғары қарай