Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанайдағы ХҚО директорының орынбасары пара алу күдігіне ілінді

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған облыстың «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен «Range Rover» автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Жоғары қарай