Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгедан астам қаржы жымқырылған

2021 жылдың 21 қазан 2021 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп жағдайда көлік жолдарын жөндеу саласында бюджет қаражатын жымқыру жұмыстың белгіленген көлемін орындамау немесе сапасыз орындау, сондай-ақ орындалған жұмыстардың актілеріне жалған мәліметтер енгізу жолымен іске асады.

Осындай деректердің бірін Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарты жасалған.

«Galara» ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.

«Жалған акт негізінде ЖШС есепшотына 27 миллионнан астам теңге негізсіз аударылды. Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды»,-делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Жоғары қарай