Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы көлік қағып кетті

2020 жылдың 29 мамыр 2020 21:55

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 8 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 17.30 шамасында Қайырбеков және Рабочая көшелерінің қиылысында болған.

«Opel Frontera көлігінің жүргізушісі КСК шағын ауданына бара жатып, жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы қағып кеткен. Көлікті 54 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан. Бала ауруханаға жеткізілді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала болжам бойынша баланың жамбасы сынған.


Жоғары қарай