Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қостанайда зейнеткер балық аулап жүріп, суға кетті

2020 жылдың 3 маусым 2020 14:17

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында балық аулауға шыққан зейнеткер өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1955 жылы туған Федоров ауданының тұрғыны «Үш бикеш» атанып кеткен өзенге балық аулауға шығады. Куәгерлердің айтуынша, зейнеткер қауіпсіздік құралдарымен жабдықталмаған металл қайығын пайдаланған.

«Зейнеткердің жоғалғаны туралы хабарлама Федоров ауданының ТЖ бөліміне 2 маусым күні сағат 19:36-да келіп түсті. Оқиға орнына жергілікті ТЖ құтқарушылары мен жедел-тергеу тобы шықты. 3 маусымда сағат 02:30-да суға кеткен адамның денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 25 мамырдан бастап құтқарушылар күшейтілген қызметке көшті. Күн сайын алдын алу жұмыстары барысында су айдындарында, қоғамдық орындарда, тұрғын үй секторында, орман-дала алқаптарында рейдтер ұйымдастырады. Азаматтармен нұсқаулық өткізіп, парақшалар таратады», - делінген ТЖД хабарламасында.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті балық аулаушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.


Жоғары қарай