Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда Сібір елігін заңсыз атқандар ұсталды

2020 жылдың 28 қазан 2020 12:11

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полицейлері Қарабалық ауданының Аққұдық ауылында екі сібір елігін атып алғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Браконьер» операциясы барысында Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Азар Нұралинов Аққұдық ауылының маңында қорықшы Мақсұт Шакибаевпен бірге «ВАЗ 21093» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде 26 және 29 жастағы екі адам болған. Көліктің жүксалғышынан атып алынған Сібір елігі табылды. Күдіктілер Қарабалық кентінің тұрғындары болып шықты.

«ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Әрбір жағдайда атылған мал үшін мемлекетке залал өтеледі. Заңсыз аң аулау дерегімен ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық пен «ВАЗ» автомашинасын тәркіледі», - деп атап өтті Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазин.

Полицейлер осындай рейдтік шаралардың үнемі өткізіліп тұратынын еске салды.


Жоғары қарай