Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда полиция көлігі соққан машинадағы бала көз жұмды

2020 жылдың 25 шілде 2020 21:05

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында полицияның патрульдік автокөлігі «ВАЗ 2115» маркалы көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін сағат 16:00-де Қостанай-Рудный автожолының 10-шақырымында болған.

«Полиция патрулінің автокөлігі «ВАЗ 2115» көлігіне соқтығысты. 4 жасар бала оқиға орнында қаза болды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексерді. Қызметтік автопатрульдің осы жолдың 17-шақырымында болған жол апатына бара жатқаны анықталды. Бірер сағат бұрын тағы бір «ВАЗ 2115» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен болатын. Салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабымен іс қозғалды», - дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тексеру басталды. Патруль көлігі жол үстінде дабыл белгісін қосып жүрген.


Фото: alau.kz


Жоғары қарай