Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда қос көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

2020 жылдың 24 қазан 2020 18:34

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный тасжолында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «Рудный-Қашар» автожолында болған. 61 жастағы «MAN» автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінен шыққан кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, «Ravon Nexia» автокөлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктің рулінде 34 жастағы ер адам отырған. «Жол апаты салдарынан «Ravon»-ның 30 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында, 23 жастағы жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Қостанай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастады», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Полиция департаменті автокөлік иелерін жолда сақ болуға, жылдамдық режимін сақтауға және қолайсыз ауа райы жағдайында жол ережелерін бұзбауға шақырды.


Жоғары қарай