Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгерді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 00:06

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында автобус маршруттарының қозғалыс кестесі өзгереді. Бұл туралы бүгін Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі Өңірлік жедел штабтың отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 тамыздан бастап Қостанай қаласындағы маршруттық автобустардың қозғалысы сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл ұсынысты қолдады.

Бұған дейін Архимед Мұхамбетов аймақта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізіп, қоғамдық көліктің жүру қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарған еді.

Бұдан бөлек өңірде азық-түлік емес дүкендердің жұмысы жандануы мүмкін. Себебі, қала әкіміне кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш түскен.


Жоғары қарай