Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қостанайда қалың қар: 400 автокөлік жолда қалып қойды

2020 жылдың 10 наурыз 2020 23:49

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт құбылуына байланысты «Алматы-Екатеринбург» тасжолында 400-дей көлік кептелісте қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 наурызда боран салдарынан Айсары ауылының маңындағы тасжолды қалың қар басты. Барлығы 400-дей автокөлік жол кептелісінде тұрып қалды. Жолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғанша құтқарушылар кептеліс орнында болып, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың жағдайын бақылауда ұстап отырды. Себебі көліктерд әйелдер мен балалар көп болды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

ТЖД қызметкерлері Майалап ауылы жанында қар құрсауында қалған көлікті шығарды. Көліктегі 5 адам Қостанай қаласында жеткізілді.


Жоғары қарай