Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда гаражда пайдаланылған құрылыс көбігінің газы қопарылып, екі адам зардап шекті

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 11:25

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жеке үйдің аумағында гараж жертөлесінде пайдаланылған құрылыс көбігінің газы қопарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«16 қыркүйек күні сағат 17.12-де 101 нөміріне Қостанай қаласы, Бородина көшесіндегі 116-үйде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына екі өрт сөндіру экипажы (9 адам) жіберілді. Құтқарушылар гараждан ес-түссіз жатқан бір зардап шегушіні шығарып, жедел жәрдемге берді. Тағы бір зардап шегушіге куәгерлер көмектескен», - делінген ТЖД-ның хабарламасында.

Қазіргі мәлімет бойынша, жертөледе қабырғаны жылыту үшін «Polynor» құрылыс көбігі пайдаланылған. Құрылыс көбігін қолдану кезінде жарылу қаупі бар, ауаға көп газ концентрациясы таралып қопарылған. Құрылысшылар пайдаланатын полиуретан жылытқыштың құрамында дифелнилметандиизоцианат бар. Ол жабық кеңістікте жоғары концентрацияға жетіп, жарылуы мүмкін.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін материалдар Қостанай қалалық полиция басқармасына жіберілді.

Басты сөздер:
Жоғары қарай