Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда екі адамды пышақтап, біреуін өлтірген күдікті ұсталды

2020 жылдың 26 қазан 2020 22:52

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының полицейлері екі адамды пышақтап кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 23 қазан күні облыс орталығында қолға түсті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қылмыс 21 қазан күні сағат 23:00 шамасында Қостанай қаласындағы әл-Фараби көшесінде болған.

Күдікті аулада отырған екі адамды пышақтап кеткен. 59 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны оқиға орнында қаза болды.

61 жастағы екінші жәбірленуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«28 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны жәбірленушілермен жанжалдасып қалған. Артынша екеуін пышақпен ұрған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті ұсталды» делінген полицияның баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай