Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда бизнес субъектілері жұмысына рұқсат етіледі – Архимед Мұхамбетов

2020 жылдың 6 тамыз 2020 20:15

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Онда карантиндік іс-шараларды сақтау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Облыс әкімі кәсіпкерлердің өтініші бойынша 10 тамыздан бастап науқастардың азаюы сақталған жағдайда карантин шараларының жеңілдейтінін айтты. Бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғаны назарға алынбақ. Сонымен Қостанай облысында келесі жеңілдету шаралары қабылданады:

1. Ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру, бұл ретте көрсетілген алаңнан жоғары объектілер жұмысты «клиентке дейін « қағидаты бойынша ғана жалғастырады;

2. Скверлердің, саябақтардың, оның ішінде олардың аумақтарында орналасқан сауда нүктелерінің (Аттракциондардың, балалар ойын алаңдарының, батуттардың, балалар велосипедтерін, балалар машиналарын жалға беруді қоспағанда) қызметіне рұқсат етіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан көп топтасып жүруге болмайды. Бұл шектеу бір отбасының мүшелеріне қатысы жоқ;

3. Облыс қалаларында қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін белгіленеді.

«Бизнес субъектілері карантин шараларын бұлжытпай сақтаған жағдайда ғана жұмыс істей бастайды, ол үшін мониторинг топтар алдағы 3 күн ішінде КВИ ауруының алдын алу жөніндегі талаптардың сақталуына бағалау жүргізеді.

Осы аптадан бастап біз кәсіпорындардағы барлық санитарлық нормаларды қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіру бойынша жүйелі дайындық жұмысын жүргізе бастадық. Бизнес субъектілері қызметінің басталуы бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысына тиісті өзгерістер енгізуді тапсырдым», деп жазды Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде.


Жоғары қарай