Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады

2021 жылдың 14 маусым 2021 09:22

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықтың жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ауданы 2 мың шаршы метрден асатын ғимаратқа күрделі жөндеу қажет. «Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Қамқорлық» бастамасы аясында аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылады. Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір» бастамасы аясында инклюзивті қоғамды дамытуға және зейнеткерлерді қолдаудың жүйелі шаралары мен оларды қоғамға тартуға бағытталған белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылады. Бұл бастамалар – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы», – деді А.Мұхамбетов.

Облыс әкімі «Аэропорт» шағын ауданындағы №19-20-21 жалға берілетін үйлердің құрылыс барысымен танысты. Аталған үйлер пайдалануға берілгеннен кейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар 108 пәтер алады деп жоспарлануда.




«Қазіргі уақытта қазаншұңқырды әзірлеу аяқталды, жылумен жабдықтау және кәріз желілері демонтаждалды. Нысандарда жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Нысанды 2022 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған», – деп қорытындылады әкім.








Жоғары қарай