Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда 23 мың литр жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 16:21

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кесті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес шығын 4,3 млн теңгені құрады.

Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне алынды.


Жоғары қарай