Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қостанайда 2 мың адам қатерлі ісікке қарсы тексеруден өтіп жатыр

2020 жылдың 30 мамыр 2020 01:14

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2 мың адам қатерлі ісікке қарсы тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай тұрғындары қатерлі індет белгілерін анықтауға арналған ақысыз тестіден өтіп жатыр. «Сәби» қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарасына облыс тұрғындары шақырылған. Тестілеу жасайтын операторлар қала аумағында жеке зертхана әзірлеген.

«Экспресс тестілеуден өту үшін «Olimp CDL» сайтында арнайы анкетаны толтыру керек. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтері індеттік өлшемдер негізінде іріктеу жасайды. Содан соң байланыс орталығының операторлары әр тұрғынға тестілеуден өту уақытын, мекенжайын хабарлайды. Тестілеуден өту үшін тұрғындар белгілі ережені сақтауы керек. Мәселен, әр адам тест нәтижесін алу үшін электрондық поштаны көрсету, шақыртылған уақыттан кешікпей келу, маска тағу және адамдар арасында қашықтық сақтауды білуі тиіс», - дейді «Olimp» зерттеу орталығының коммерциялық директоры Сәуле Байменова.

Маманның айтуынша, экспресс тестілеудің қорытындысы талдау шаралары жасалғаннан кейін 15 минут аралығында анкетада көрсетілген электронды поштаға түседі. Қазіргі таңда өңір бойынша 2 мыңнан астам адамға сынама жасауға мүмкіндік беріліп отыр.

Жоғары қарай