Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай тасжолында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

2021 жылдың 15 маусым 2021 16:26

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Қостанай-Рудный» автожолындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолда автокөлік 60 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 маусымда шамамен сағат 23.00-де «Қостанай-Рудный» автожолында, «Қонай» шағын ауданының маңайында 36 жастағы жүргізуші «Tayota Rav 4» автокөлігімен Рудныйдан Қостанайға қарай бара жатқанда жолдың жүретін бөлігінен өтіп бара жатқан 60 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттарынан жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүргізіліп жатыр.


Басты сөздер: Қостанай облысы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай