Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қостанай облысының Жітіқара ауданында карантин режимі енгізіледі

2020 жылдың 15 сәуір 2020 17:25

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Жітіқара ауданның аумағында 2020 жылғы 16 сәуірде сағат 00.00 бастап карантин енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Жітіқара ауданының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының пайда болуына байланысты аумақта карантин режимі енгізіледі. Облыс аумағында КВИ таралуының алдын алу мақсатында Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайло қаулы шығарды.

«Қостанай облысы Жітіқара ауданының аумағында 2020 жылғы 16 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Кәсіпкерлік және халық өмірінде маңызды өзге де қызметтерге рұқсат беріледі. Аудан тұрғындарына халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автомашиналардан басқа (азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек құралдарын тасымалдайтын көліктер, сондай-ақ төтенше жағдай режимінде іске қосылған арнайы және қызметтік машиналар) көліктерге аудан ішінде жүруге тыйым салынады. 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруын шектеу. Тұрғындарға пәтерлерінен аса бір қажеттілік болмаса шықпауға кеңес береміз», - делінген бас санитардың қаулысында.

Коммуникациялар желісіне және техникалық құрылғыларға қолдау көрсететін қызметкерлер үшін карантиндік аймақта жүріп-тұруға рұқсат беріледі. Телекоммуникациялар жұмысы сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қысқарды. Сонымен қатар қоғамдық көліктерді күнделікті жуу және дезинфекциялау ұсынылды.

Карантин режимі енгізілетін Жітіқара ауданындағы басқа да шектеулерді әкімдік сайтынан көруге болады.


Жоғары қарай