Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын ТЖД қызметкерлері тексерді

2021 жылдың 5 наурыз 2021 21:12

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі «Көктем-2021» оқу-жаттығуында тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш іс-шара облыстың барлық ауданында 4-5 наурыз күндері жүргізілді. Оның негізгі мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесі басқару органдарының дайындығы бойынша күштері мен құралдардың су тасқыны кезіндегі ТЖ қатеріне қарсы әрекет ету қабілетін тексеру.

«Оқу-жаттығу барысында облыстық қызметтердің, қала және аудан әкімшіліктернің су тасқыны кезіне дайындығы тексерілді. Аймақта, қалалар мен аудандарда республикалық және облыстық штаб бағыттаған нұсқауды орындау бойынша 20 арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді», - деп хабарлады бөлімшеден.

Сонымен қатар шара барысында арықтарды, су өткізетін құрылыстарды, құбырларды тазарту мен елді мекендерден қарды шығару бойынша жұмыс жүргізілді.

Су тасқыны кезеңіне қалалар мен аудандарда барлығы 162 тонна жанармай, 9 мың тонна инертті материал, 53 мың қап дайындалды. Азық-түлікті жеткізу туралы келісімшарт жобасы қарастырылған. Керек жағдайда адамдарды орналастыратын және үй жануарларын жеткізетін жерлер анықталды.





Одан бөлек, 2 960 адам, 1 085 техника және 116 жүзу құралынан, 365 су сорғысынан (олардың 269-ы – су айдайтын құрылғы) тұратын облыстық топ жасақталды.

Жалпы, ТЖД ақпаратынша, Қостанай облысы су тасқынына әзір.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Қостанай облысындағы 95 елді мекенде су басуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.














Жоғары қарай