Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысының санитарлық автокөлік паркі жаңарады

2020 жылдың 22 мамыр 2020 00:22

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында санитарлық автокөлік паркін жаңарту бағдарламасы жалғасуда. Биыл жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл жедел жәрдем қызметі үшін 50 реаномобиль сатып алынады. Ол үшін бюджеттен 2 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

«Санитарлық автокөліктер осы жылдың қазан айына дейін алынады. Бұл көліктер жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік жасайды. Барлық автомобильдер денсаулық сақтау министрлігінің стандартына сай әрі заманауи құралдармен жабдықталатын болады. Олардың ішінде электрокардиограф, өкпенің жасанды вентиляциясының аппараттары мен оттегі баллондары бар», - дейді облыстық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Ирина Штейгервальд.

Айта кетейік, соңғы жылдары облыстың денсаулық саласына айрықша көңіл бөлінуде.Медициналық мекемелер жаңа құрылғылармен жабдықталып, барлық күрделі деген ем-дом шаралары қолжетімді бола түсті.


Жоғары қарай