Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қостанай облысының периметрі бойынша 10 блокбекет орнатылады

2020 жылдың 29 наурыз 2020 19:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында республикалық және облыстық автожолдарда 10 блокбекет орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, блокбекеттерде тәртіп сақшыларынан бөлек медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. «Облыста бүгіннен бастап Ақмола, СҚО, Қарағанды, Ақтөбе облыстарына шығатын жол бағыттарына уақытша шектеу қойылады. Алайда, бұл аймақтарға емдеу шараларына баратындар үшін жол ашық. Облыстың аудандары мен қалалары арасында автобус тасымалдау толығымен тоқтатылады. Қостанайдан Ресей Федерациясына шығу уақытша тоқтады. Блокбекеттердің жұмысы ҚР Президентінің қаулысы шеңберінде қатаң бақылауға алынады», - деді Құрмет Мәжікенов.

Сонымен, бақылау-өткізу бекеттері келесі учаскелерде орнатылады:

—№7 блок-бекет Екатеринбург-Алматы автожолының 374-шақырымында, «Қайрақ» шекара бекетінде;

— №8 Қостанай-Қорған автожолының 180-шақырымында, «Обаған» шекара бекетінде;

—№9 блок-бекет Қостанай-Мамлютин автожолының 245-шақырымында, Ұзынкөл ауданының Троебрат ауылы маңында;

— №10 блок-бекет Екатеринбург –Алматы автожолының 722-шақырымында, Сарыкөл ауданының Севастополь ауылы маңында;

— №11 блок-бекет Қостанай-Сұрған тас жолының 232 шақырымында Ақмола облысы шекарасында; — №12 блок-бекет Жезқазған-Петропавл тас жолының 372 шақырымында;

— №13 блок-бекет Жезқазған-Петропавл тас жолының 300-шақырымында;

— №14 блок-бекет Торғай тас жолының 85-шақырымынд а, Ақтөбе облысы шекарасында, Ақшығанақ ауылы маңында;

— №15 блок-бекет Қостанай-Қарабұтақ автожолының 239 шақырымында, Қамысты ауданы Жайылма ауылы маңында;

–№16 блок-бекет Денисов автожолының 100-ш ақырымында, РФ-мен шектесетін тұсында, Жітіқара ауданының «Қондыбай» шекара бекетінде орналасады.


Жоғары қарай