Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысының Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы тергеліп жатыр

2020 жылдың 11 маусым 2020 16:20

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімдігі Білім басқармасына қарасты коммуналдық мекеме басшысы пара алу күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан мәлім еткендей, «Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мекеме басшысы құны 158 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алуды жеделдету үшін қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғасына 9 млн теңге аударған.

«Тергеу жалғасуда», - делінген ведомство ақпаратында.

Күдіктіге қатысты оның кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.

Жоғары қарай