Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу енгізіледі

2020 жылдың 29 наурыз 2020 15:12

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Штабтың шұғыл отырысын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Штаб отырысы барысында жауапты мемлекеттік органдардың басшылары Архимед Мұхамбетовке өңірдегі қазіргі жағдайды баяндады.

«Барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар өткізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша коронавирустық инфекцияға жол бермеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, 31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қоя отырып, Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу енгізіледі»,- деп жазды өңір басшысы.

Бұған дейін Қарағанды облысының бірнеше қаласы карантинге жабылатынын хабарладық.



Жоғары қарай