Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысының 29 ауылына ауыз су тартылады

2020 жылдың 11 маусым 2020 19:54

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының шалғай ауылдарына ауыз су желілері жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары шеңберінде сумен жабдықтау және кәріз құбырларын өткізу бойынша 57 жоба жоспарланған.

«37 арнайы жоба «Нұрлы жер» арқылы, 20-сы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттен бөлінген 15,2 млрд теңге игерілуде. Биыл 31 мыңнан астам тұрғыны бар 29 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 5 қалада су құбыры желілері мен кәріз жүйелерінің тозған тораптары жөнделетін болады. Елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауға байланысты тағы 26 жоба 2021 жылы жүзеге асырылады», - делінген әкімдіктің ақпаратында.

Облыста алдағы екі жыл ішінде 72 мыңнан астам тұрғыны бар 67 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.


Жоғары қарай