Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылдың 18 қараша 2020 17:38

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Мұрат Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жергілікті активке Ұзынкөл ауданының әкімін таныстырды. Жаңа қызметке Мұрат Сандыбаев тағайындалды. Ол 1988 жылы 15 желтоқсанда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. Бұған дейін Қостанай облысы әкімінің көмекшісі, Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Осыған дейін Ұзынкөл ауданының әкімі болған Талғатбек Дайыров өз еркімен қызметінен босатылды.








Жоғары қарай