Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысындағы нысандарға «Ashyq» жобасына қатысуға рұқсат берілді

2021 жылдың 27 сәуір 2021 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е. Даулетбаев өңірдегі кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» жобасын енгізу туралы қаулы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта фитнес-клубтар, спа-орталықтар, компьютерлік клубтар, боулинг және бильярд клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, қоғамдық тамақтану нысандары, облысаралық және қалалық туристік тасымалдар, концерт залдары, караоке нысандарына «Ashyq» жобасына қатысуға рұқсат берілген.

Сондай-ақ, халықты, жеке және заңды тұлғаларды пилот жобасына қатысушылардың кәсіпкерлік нысандарына кіруі үшін AppStore және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттігі туралы хабардар ету, әкімдіктердің сайтында «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы, оның ішінде ерікті қатысушылар туралы ақпарат салу керектігі жазылған.

Аудандар мен қалалар әкімдеріне, Қостанай облысы полиция департаментінің бастығына «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді мониторингпен қамтуды қамтамасыз ету және қаланың мобильді мониторингтік топтары мен Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмысын күшейту тапсырылған.

Қаулы қосымшасында Қостанай облысындағы «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысын шектеу және рұқсат ету өлшемдері көрсетілген.


Жоғары қарай