Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында жыл соңына дейін 50 мың автокөлік құрастырылады

2020 жылдың 14 шілде 2020 14:56

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қостанай облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 52 395 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. ҚР Президенті қатысқан Үкімет отырысында облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны азайғаны атап өтілді.

«Бұл мәселе ауыл шаруашылығына теріс әсер еткен құрғақшылыққа, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда субъектілерінің қызметін шектеуге әкеп соққан коронавирустың пандемиясына байланысты туындап отыр. ТЖ режимін енгізу де айтарлықтай әсер етті», - деп атап өтті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина.

Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 665,7 млрд теңгенің өнімін өндірді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 383,3 млрд теңге. Машина жасауда өндіріс 1,5 есеге артып, өнім көлемі 159,7 млрд теңгені құрады. Өңдеу саласындағы машина жасау үлесі 41,7%-ды құрайды. 16,9 мыңнан астам техника сатылымға шыққан.

Жыл соңына дейін 50 мың автомобиль шығару жоспарланып отыр, оның 14 мыңнан астамы экспортқа жіберіледі. Жыл басынан бері 2 475 автокөлік сатылымға берілді.

«2020 жылдың наурыз айында «Шевроле» өндірісі іске қосылып, қазірдің өзінде 3 200 автокөлік шығарылды. Жыл аяғына дейін 26 мың автомобиль құрастырылады, оның 13 мыңы Ресейге экспортқа жіберіледі. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау жұмысы да қарқынды дамып келеді. Осы жылы 2,5 мыңнан астам техника шығару жоспарлануда. Оның ішінде 450 комбайн, 1900 трактор және 310 тырма пайдалануға беріледі. Өңірге 12,2% өсіммен инвестиция тартылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,7%-ға өсті, тұрғын үйді іске қосу қарқыны 110%-ды құрады. Облыс бюджетінің шығыстары 100% орындалды», - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Жыл сайын шағын және орта бизнес нысандары көбейіп келеді. Олардың нәтижесі облыс экономикасын дамытуға айтарлықтай әсер етеді. Осы жылдың бірінші тоқсанында өнім шығару көлемі 118,6% - ға ұлғайды.


Жоғары қарай