Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында жыл басынан бері 10 мыңға жуық автокөлік құрастырылды

2020 жылдың 4 сәуір 2020 13:30

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіпорын 8 брендті (JAC, Hyundai, Ravon, ChevroletNiva, MAN, Ankai, Yutong, УАЗ) автомобильдердің 50-ден астам модельдерін өндіруді игерді. Мамандар құрастырудың ірі және ұсақ тораптық әдісімен жүзеге асырды.

Кәсіпорын құрылғаннан бері оның алаңында барлығы 77 мыңнан астам автокөлік жиналды, ал жыл басынан бері 10 мыңға жуық автокөлік құрастырылды», - деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram әлеуметтік желісінде.

Облыс басшысы Chevrolet Labo автомобильдері мен lovol тракторлары базасына барып, дезинфекциялауға арналған жабдықтарды орнату және пайдалану мүмкіндігін бақылады.

Бүгінде мұнда үш ауысымда жұмыс істейді. Сондай-ақ қызметкерлерді вирустық инфекциялардан қорғау мақсатында кәсіпорында барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілген.


Жоғары қарай