Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қостанай облысында жолды күтіп ұстамаған «Қазақавтожол» басшысы жазаланды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 19:28

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Республикалық маңызы бар автожолдарды тиісті дәрежеде ұстамағаны үшін «Қазақавтожол» ЖШС Қостанай облыстық филиалының директоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдағы қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен және «Қазақавтожол» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, жүйелі негізде автомобиль жолдарына тексеру жүргізеді.

«Автожолдарды тексеру барысында «Қостанай-Әулиекөл» республикалық тасжолының 42-шақырымында жолдың сапасы нашар екені анықталды. Республикалық маңызы бар автожолды тиісті дәрежеде ұстамағаны үшін «Қазақавтожол» ЖШС ҚОФ мердігерлік ұйымы ҚР ӘҚБтК 631-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Серіктестік басшысы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындамаған», - делінген полицияның ақпаратында.

Айта кетейік, «Қазақавтожол» ЖШС 23,5 мың шақырым жалпы қолданыстағы автожолдарға қызмет көрсетеді және жол сапасына толық жауап береді. 2020 жылдың басынан ЖШС облыстық филиалына қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай