Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қостанай облысында жолаушылар тасымалдайтын көлік жол үстінде өртеніп кетті

2020 жылдың 20 мамыр 2020 03:58

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Volkswagen t4» көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған. Жолаушылар тасымалдауға арналған «Volkswagen t4» автокөлігі жол үстінде өртеніп кеткен.

«Өрт ауқымы 4 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлік қозғалтқышындағы сымдар тұйықталып, өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше көлік түгелдей жанып кетті. Қазір шығын көлемі есептелуде», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай