Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында жалған мониторинг топтары пайда болды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 18:25

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жалған мониторинг топтары нысандарды аралап, кәсіпкерлерді қорқытып жатыр. Олар кәсіпкерлерден заң бұзушылықтарға көзін жұмғаны үшін сыйақы талап етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай жағдайлар туралы бизнесмендер әлеуметтік желірге жазып, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасына хабарлаған.

«Барлық рейдтердің міндетті түрде infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, онда алдын ала мониторинг тобының құрамы мен тексеріс жоспарланған нысан туралы жазылатынын тағы да еске саламыз. Тексерістің заңды-заңсыз екенін кәсіпкер өз бетінше тексере алады. Ол үшін актіде көрсетілген QR кодты сканерлеу керек», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Еске сала кетейік, бұл талаптар мониторинг топтарының алгоритмінде 1 шілдеден бастап пайда болды.

Енді әр топтың жұмысын infokazakhstan.kz платформасы арқылы бақылауға болады. Онда жоспарланған тексерістер мен олардың нәтижелері туралы мәліметтер жазылып отырады. Олардың негізінде өңірлер бойынша күнделікті статистика мен анықталған заң бұзушылық түрлерінің еркін кестесі құрылып отырады.

Одан бөлек, тексерушілердің жұмысына Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа мына нөмірлер бойынша шағымдануға болады: 8-705-153-91-07, 8-777- 580-03-99, 8-7142-394-208, +7( 7142) 54 29 53, +7 (775) 829 95 79, + 7 (775) 265 5 5 51.


Авторы Жанна Мұсабаева


Жоғары қарай