Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 11:50

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының Қарабалық ауылында жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

Оқиға Қарабалық ауылының Титов көшесіндеге үйде болған. Аудандық № 11 өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен.

Көршілерінің хабарлауынша, 1953 жылы туған зейнеткердің үйінен өрт шыққан.

«Пештің жанындағы үй заттары өртенген, бастапқыда 8 шаршы метр аумақта төбе тақтайшалары жанған, өрт ошағы тез таралып, үйдің екінші жартысына таралу қаупі төнді. Сондықтан өрт сөндірушілер отты мейлінше тез ауыздықтауға екі әдісті пайдаланды. Бірінші топ тікелей өрт ошағын сөндірсе, екіншісі үй маңындағы құрылыс нысандарындағы жалынды ауыздықтады. Үй иесінің 1974 жылы туған ұлы өрт тараған бөлмеде қалып қойған. Оның екінші топтағы мүгедектігі бар екені анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Алайда ол орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды», делінген ведомствоның ақпаратында.

Қостанай облысының ТЖД пеш және электр техникаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тез жанатын құрылыс және тұрмыс заттарын пешке жақын орналастыруға тыйым салынған.


Жоғары қарай