Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қостанай облысында Ресейге шығатын жолдар жабылды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 19:46

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының Ресей Федерациясына шығатын жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денисов-Мықтыкөл-Жітіқара бағыттарының РФ-ға шығатын жолдары жабылды. Қазіргі уақытта боран соғып, желдің жылдамдығы 23 м/с жетті»,- деді Жітіқара аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Асланбек Теміров агенттік тілшісіне.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Науырзым ауданында 3 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Оқиға «Қарамеңді-Өлеңді» тасжолының 12-ші шақырымында болған. Барлығы 9 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар оларды Қарамеңді ауылына жеткізді.

Қазгидрометтің болжамынша Қостанай облысында жел екпіні секундына 23-24 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, кейбір ауданда көктайғақ болып, боран соғады. Сол себепті, синоптиктер жолға шыққан қостанайлықтарға барынша сақ болуды ескертеді.

Жоғары қарай