Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында обаға қарсы костюмдерді шетелге алып өтпек болғандар ұсталды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 16:01

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының Ресеймен шекарасында медициналық құралдарды, дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өту әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 24 қарашада Қостанай облысында «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының «АВТО-ТЕК» жеке шаруа қожалығына тиесілі автокөлігі ұсталды, онда 600 дана обаға қарсы костюмдер болған. Жалпы сомасы 7750 000 теңге болатын медициналық киімдер пошта жүктерінің астында жасырылған», делінген ведомство таратқан хабарламада.

​29 қараша күні Қостанай облысының «Аят» өткізу пунктінде «Алматы-Челябі» бағыты бойынша жүрген «ГАЗель» автокөлігі тексерілді. Тексеру барысында түрлі дәрі-дәрмектер толтырылған қораптар, 2640 дана қорғаныш маскалары және жалпы салмағы 1000 кг-ға жуық 1700 дана медициналық қолғаптар табылды. Медициналық құрал-жабдықтар жәшіктердің арасына жасырылған.

Тәркіленген заттардың құны шамамен 45 000 000 теңгені құрайды. Заңсыз шетел аспақ болған жүктер уәкілетті органдарға тапсырылды.





Жоғары қарай